Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 Қаулысы
(2026.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2026.28.01. № 46 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2023.12.04. № 288 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 25 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2026.28.01. № 46 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 632-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 18, 142-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1103 қаулысымен
бекітілген